Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — саясат) halalcredit.kz сайтына қатыстиы қолданылады және «ХалалКредит» және/немесе оның үлестес тұлғалары (бұдан әрі – Серіктестік) ақшалай Несие алуды қамтитын Серіктестік қызметтерін пайдалану немесе пайдалануға әрекет ету кезінде пайдаланушы туралы ала алатын барлық ақпаратқа қатысты қолданылады. Серіктестік қызметтерін пайдалану Пайдаланушының осы Саясатпен және мұнда қарастырылған оның дербес ақпаратын өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Серіктестік аталған саясаттың бір бөлігін кез келген уақытта бір жақты тәртіппен өзгерту, қосу және/немесе жою құқығын өзіне қалдырады. Саясаттағы барлық өзгерістер сайтта жарияланған сәтінен бастап жедел түрде күшіне енеді. Аталған шарттармен келіспеген жағдайда пайдаланушы Серіктестік қызметтерін пайдаланудан бас тартуы тиіс.
Серіктестік алатын және өңдейтін пайдаланушылардың дербес ақпараттары
Серіктестік сауалнаманы сайтқа тіркеу және толтыру барысында немесе Пайдаланушының дербес деректерін қоса алғанда, Қызметтерді пайдалану барысында Пайдаланушы өзі туралы жеке түрде ұсынатын дербес ақпараттарын жинайды және сақтайды. Несие беру (қызмет көрсету) үшін міндетті ақпарат арнайы түрде белгіленген. Өзге ақпаратты пайдаланушы оның қалауы бойынша ұсынады. Сондай-ақ, серіктестік сайтқа кірген кезде пайдаланушылар туралы сәйкестендірілмеген дербес ақпаратты жинау құқығын өзіне қалдырады. Аталған ақпарат IP-мекенжайды, cookie алынған ақпаратты, пайдаланушының браузері туралы ақпаратты (немесе сайтқа кіру жүзеге асырылатын басқа бағдарлама), кіру уақытын, сұралатын беттің мекенжайын, сондай-ақ пайдаланушының интернет-қызметі провайдерінің домендік атауын қамтиды. Серіктестік сондай-ақ тікелей қызмет көрсетуге байланысты пайдаланушылардан ақпаратты жинайды және сақтайды, бұл басқалардың арасында жіберілген және келісілген офертаны қамтиды. Серіктестік пайдаланушылар беретін дербес ақпараттың дұрыстығын тексеру құқығын өзіне қалдырады. Жалған ақпарат берудің салдары офертада (сілтеме) анықталған. Пайдаланушы кез келген уақытта өзіне берілген жеке ақпаратты өзгерте алады. Сондай-ақ пайдаланушы Тараптар көрсетілетін қызмет шеңберінде өз келісімдерін жүзеге асырғаннан кейін дербес ақпаратты жоя алады. Серіктестік алатын және өңдейтін пайдаланушылардың дербес ақпараты Серіктестік Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырады. Өңдеу мақсаттарына сай келетін дербес деректер ғана өңделуі тиісті болады. Серіктестікте өңделетін жеке ақпараттардың мазмұны мен көлемі өңдеудің мәлімделген мақсаттарына сәйкес келеді. Серіктестік Несие беру мақсатында дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырады. Кез келген жеке ақпаратты пайдаланушының Серіктестік алған пайдаланушыдан қызмет көрсету мақсатында пайдаланушының меншігі болып қалады. Серіктестікке өзінің дербес деректерін бере отырып, пайдаланушы серіктестікке осы дербес ақпаратты заңды пайдалану мақсатында пайдалану құқығын береді, атап айтқанда (қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен): Несие беру; Пайдаланушының рұқсатымен үшінші Тарапқа ақпарат беру; Несие шарты бойынша уағдаластықтардың орындалуын қадағалау; жарнамалық ұсыныстарды, оның ішінде үшінші тұлғаларды көрсету.
Пайдаланушылардың дербес ақпаратын өңдеу және оны үшінші тұлғаларға беру шарттары
Серіктестік Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады. Серіктестік келесі жағдайларда пайдаланушының жеке ақпаратын үшінші тұлғаларға беруге құқылы:
— беру пайдаланушыға қызмет көрсету үшін қажет және пайдаланушы осындай әрекеттерге келісім білдірген жағдайда;
— беру Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайда;
– пайдаланушы онымен жасалған Несие шартының талаптарын бұзған жағдайда серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында.
Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау
Серіктестік пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шараларын пайдаланады. Аталған шаралар ақпаратқа заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуді, сондай-ақ оны жоюды, өзгертуді, көшіруді, таратуды және/немесе зиянкестердің басқа да заңсыз әрекеттерін болдырмау бойынша шараларды қамтиды. Серіктестік жаңа технологиялардың дамуына қарай ақпараттық қауіпсіздік жүйесін нығайтуды үнемі жалғастыратын болады.
Кері байланыс
1) Саясатқа қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушылар бізге хабарласа алады.
2) Пайдаланушы жарнама сипатындағы таратпалардан бас тарта алады:
— өзінің электронды пошта мекенжайына жіберілген хаттағы арнайы сілтемені басу арқылы; немесе
— support@halalcredit.kz электронды поштасына хабарлама жібер арқылы; немесе
— телефон номеріне қоңырау соғу арқылы
Дерек көзі: Құпиялылық саясаты — halalcredit.kz © Halalcredit.kz